Ақжол Мейірбековтің жылдық асында көңілі босаған Мақпал Жүнісова ерекше жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 15:28
1443
Ақжол Мейірбековтің жылдық асында көңілі босаған Мақпал Жүнісова ерекше жазба жариялады бейнежазбадан алынған кадр

Ақжол Мейірбеков былтыр қараша айында өмірден өткен еді...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, былтыр қараша айында өмірден өткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтің жылдық асы берілді.

Асқа қатысқан Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге жазба арнады.

Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім. Ақжол ағаның орны үңірейіп тұр. Ол кісі маған құда болып келеді. Үш жылдың ішінде талай рет дастархандас болып, жақынырақ араласып қалып едік. Сол кездер есімізде мәңгілікке сақталып қалатын болды. Ешкім де мәңгі өмір сүрмейді, бәріміз қонақпыз.

Ақ жол ағамыз ауырып жүрсе де, сол ауырғанын көрсетпей, халыққа соңына дейін қызмет жасап кетті. Оның адами қасиеті де халықты баурап алатын, өте көпшіл, иманжүзді, аузынан Алласы түспейтін, қолынан тәспісі түспейтін үлгілі жан еді, - деді Қазақстанның халық әртісі.

 

Жүнісова Ақжол Мейірбековтің асынан видео салып, әріптесінің отбасына қолдау білдірді.

Марқұм Ақжол ағамыздың топырағы торқа болсын. Бағышталған құран, беріліп жатқан ас қабыл болсын. Артында қалған ұрпақтары, жары Шарипа апайға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Шарипа апай, Луиза айналайын енді тек жақсылық болсын. Жылдық асын беріп, басын көтердіңіздер. Ақжол ағамыз аруағымен желе-жебесін, ұрпағы өсе берсін, - деп жазды әнші.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды