«Енді елде легионерлерге бюджеттен 1 тиын да берілмейтін болады»: депутат Нартай Аралбайұлы халықтан сүйінші сұрады

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 19:57
874
«Енді елде легионерлерге бюджеттен 1 тиын да берілмейтін болады»: депутат Нартай Аралбайұлы халықтан сүйінші сұрады parlam.kz

Елімізде 180 спорт түрі қысқартылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев бюджеттен шетелдік спортшыларға ақша бөлінбейтінін айтып, халықтан сүйінші сұрады. Оның айтуынша, тиісті заң нормасын үкімет қолдаған.

Депутат Нартай Сәрсенғалиев, біріншіден, легионерлерге 1 тиын бермейтін заң нормасын үкімет қолдағанын айтты.

Екіншіден, ол адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылып, 180 спорт түрі қысқартылатынын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының 49 бабы:

бірінші бөлігі: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады”;

екінші бөлігі: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді", – деп жазылды.

Сонымен қатар 49-баптың 6-тармағына (Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру) сәйкес жазылады. Онда Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;

2. мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

3. бұқаралық спорт;

4. спорттық инфрақұрылымды дамыту", – деп жазды депутат желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасындағы спортшылар мен бапкерлерді салтанатты жиында жетістіктерімен құттықтап, шетелдік спортшыларға азаматтық беруді доғару керек екенін айтты. Оның айтуынша, кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн деді мемлекет басшысы.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды