879

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Қосымша пойыздардың бағыттары мен жол жүру кестесі пайда болды.

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
baribar.kz / Бақдәулет Әбдуалы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайтынын мәлімдеді.

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:

№ 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар»бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;

204 пойызы«Астана-Шымкент»бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 216 пойызы«Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;

№ 201 пойызы«Алматы-Астана»бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.

Астанадансағат 10:40–та жөнелтіледі, Бурабайғасағат 13:15–те келеді;

Бурабайдан сағат 14:10–да кері жөнелтіледі,Астанағасағат 17:00–де келеді.

Материал авторы