Биыл елімізге қанша этникалық қазақ оралды?
2024 жылы 14 391 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралғанын атап өткен жөн.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39% - Өзбекстаннан, 5,9% - Моңғолиядан, 5,2% - Түрікменстаннан, 2,9% - Ресейден және 1,2% басқа елдерден.
«Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 9,3%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 24,4%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3,3% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Материал авторы