Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қанша жылға сотталды?
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылау ережесіне бағынбай, тойда көңіл көтеріп жүргенін жазған едік. Бүгін сот бұл іске қатысты шешім шығарды.
Нұрасыл Болат ісі бойынша материалды Медеу ауданының №2 соты қарап, шешім шығарды.
Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізбек.
Еске салайық, Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Десе де, ол пробациялық бақылау тәртібін 3 рет бұзып, ақыры сот оны темір тордың ар жағына жіберу туралы үкім кесті.
Материал авторы