Қайта өңдеуде қайыр бар

22.10.2024, 14:50
891
Қайта өңдеуде қайыр бар kazagroexpo.kz

Астанада «Kazagro/Kazfarm-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелері жұмысын бастады. Үш күнге созылатын іс-шараға әлемнің 21 елінен келген үздік 250 агроөнеркәсіп кешені компаниясы қатысып жатыр.

«Қазақстан сияқты мемлекеттер үшін агроөнеркәсіп кешені ауылдың тағдыры деп айтсақ артық емес. Сондықтан ауылдың, сол ауылда тұратын азаматтардың болашағы бүгінде осындай жаңа технологиялармен байланысты. Бұл көрмелердің әріптесі саналатын Германия 40 компаниясын әкеліп отыр. Соған орай көрме жай ғана технологияларды ұсыну алаңы емес, мемлекетаралық қарым-қатынас тірегіне айналып отыр», - деді халықаралық іс-шараның ашылуына сөз алған Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мұндай көрме еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен ықпалын тигізетіндігін атап өтті.

«Қазақстан Орталық Азияда ауыл шаруашылығы саласының көшбасшысы саналады. Бүгінгі таңда еліміз 20 млрд доллардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді. Қайта өңдеу саласы 6 млрд долларды құрайды. Республиканы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Мұның бәрі ауыл шаруашылығының дамып келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 5 жылда ауыл шарушылығына тартылатын инвестиция көлемі 2,2 есе артып, 2,2 млрд долларға жетті. Экспорт көлемі 5 млрд долларға жетті. Алдағы 1-2 жылда экспорт көлемін 10 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды