«Өзім жүргіземін»: Есен Елеукен «Жайдарман» басшылығынан неге кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
22.10.2024, 15:58
1060
«Өзім жүргіземін»: Есен Елеукен «Жайдарман» басшылығынан неге кеткенін айтты Jaidarman

25 жыл бойы «Жайдарман» жобасын басқарған Есен Елеукен басшылықта өзгерістер боп жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Есен Елеукен "Жайдармандағы" кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жаңа басшы Жанасыл Болатбекті құттықтап, ақ тілегін арнаған. 

Есен Елеукеннің айтуынша, Жанасыл Болатбек "Жайдарманның" жұмысына 2014 жылдан бері атсалысқан. Енді экс-басшы жобаның әрі қарай жандана түсетініне сенімді.

"Қазақша КВН жұмысы басталғалы, міне, биыл 25 жыл болды. Қазіргі жағдайға жеткенше біраз қиындықты жеңіп, талай қызықты бастан өткердік.

Айтпағым, ойлана келе 2014 жылдан бері өзі көрінбесе де, "Жайдарманның" ортасында жүрген, ішкі жұмыстарын жақсы білетін Жанасыл Болатбекке ұйымдастыру жұмыстарын толықтай тапсырдым. Бұл өзгеріс "Жайдарманның" бұдан әрі жанданып, елге, жастарға пайдасы арты түсетініне сенімдімін.

Осы кезге дейін бейресми түрде осы қызметті атқарып келді, енді ресми түрде өз жұмысын бастамақ. Жанасылға сәттілік тілеймін! Айтпақшы 25 жылдыққа орай "Жайдарман" жанашырларына, ардагерлеріне кішігірім сыйымыз бар", - деді ол. 

Желі қолданушылары "Жайдарманның" жаңа басшысын құттықтап, толассыз пікір жазған. Олардың қатарында Есен Елеукеннен бағдарлама тізгінін кім ұстайтынын да сұрағандар табылды. 

"Өзім жүргіземін", - деп қысқа қайырды Есен Елеукен.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған