1117

UFC: Асу Алмабаев рейтингте жоғарылады

Қазақстандық спортшы аса жеңіл салмақта бірден 7 сатыға жоғарылады. Айта кетейік, ол – UFC рейтингінде үздік ондыққа енген Шавкат Рахмоновтан кейін екінші қазақстандық спортшы.

UFC: Асу Алмабаев рейтингте жоғарылады
жеке мұрағатынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев аса жеңіл салмақ дәрежесінде 14-орыннан 7-орынға бір-ақ көтерілді. Естеріңізде болса, қазақстандық спортшы демалыс күні Лас-Вегаста өткен Fight Night 245 турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен жұдырықтасқан еді.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, төрешілердің ортақ шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.

Естеріңізге салсақ, Асу Алмабаев UFC-де төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Николауды ұтқан соң Алмабаев UFC президенті Дана Уайттан титулдық жекпе-жек сұрады. Бұл дивизионда белбеуге бразилиялық Алешандре Пантожа иелікететінін атап өткен жөн.

Материал авторы