Оқушылар күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады

22.10.2024, 20:45
944
Оқушылар күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады Aqorda

Мәдениет министрлігі күзгі демалыста балаларға тегін баруға болатын мәдени шаралардың тізімін ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен күзгі каникул кезінде мектеп оқушыларына бірқатар тегін іс-шаралар ұйымдастырылады.

 – Ұлттық музейде мектеп демалысы кезінде тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында тақырыптық тегін экскурсиялар өткізіледі. Экскурсия барысында оқушылар британдық мүсінші Юнус Сафардиардың туындылары мен отандық суретші Тілеужан Батановтың жеке көрмелерін тамашалай алады.

 – Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде "Алтын күз" тақырыбында пленэр, тұмар жасау бойынша шеберлік сабақтары жоспарланған.

 – Мемлекеттік Орталық музейі балалар үшін "Қазақ хандығының билеушілері" жобасы аясында циклдік сабақтар, "Абылай хан" және "Қазақ халық фольклоры: қазақ ертегілері әлемінде" жобасы аясында театрландырылған "Алдар Көсе – менің сүйікті кейіпкерім" музейлік сабақтарын ұйымдастырады.

 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда "Оқушыларға арналған абономент" жобасы бойынша әр концертке кіру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы 10 орын тегін қарастырылған.

 – Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығы "Күзгі демалыс музей аясында" атты апталық өткізіп, оқушылар арасында викториналар, "Таңбалы" музей-қорығы оқушылар үшін қызық квест-ойын өткізуді жоспарлап отыр.

 – "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында осы жылдың қыркүйек айынан бастап арнайы мектеп оқушылары үшін "Ясауитану" клубы мен "Жас археолог", "Жас реставратор", "Жас экскурсовод" үйірмелері тұрақты түрде тегін жұмыс жасап келеді.

 – Музей педагогикасы жобасы бойынша "Ботай" музей-қорығында балалар үшін тегін көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылып, ашық есік күндері өткізіледі. Сонымен қатар экскурсия барысында "Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері" инсталляциясы ұсынылады.

 – "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты "Қарахан", "Дәуітбек", "Айша бибі", "Бабаджа хатун" кесенелері, "Ақыртас" сәулет-археологиялық кешені мен "Көне Тараз" ашық аспан астындағы археологиялық саябағына балаларға жыл бойына ақысыз кіру қарастырылған.

 – 2017 жылдан бастап әр айдың соңғы жексенбісінде және каникул күндері мектеп оқушылары үшін "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына тегін кіре алады. Сонымен қатар Есік және Алматы қалаларындағы мүгедек және көру қабілеті нашар балаларға музей-қорыққа ақысыз кіру қарастырылған.

 – "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырып, "Күз қызықтары" шеберлік сағатын өткізеді.

 – "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы Арыстанбаб кесенесі, Отырар-төбе және Сапар орталығы ғимараттарына экскурсияларды тегін ұйымдастырады.

 – "Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" мектеп оқушыларына арнап "Жошы ұлысы: тарихы және мұрасы" тақырыбында тегін көрме ұйымдастырады. Көрмеде Ұлытау өңірінде орналасқан Алтын Орда дәуіріне жататын тарих және мәдениет ескерткіштері таныстырылады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген