Республика күніне орай Астанада 1 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

23.10.2024, 09:32
609
Республика күніне орай Астанада 1 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады camonitor.kz

Астананың бес ауданында мерекелік концерттер өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:

- Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;
- Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;
- Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;
- Нұра ауданы – орталық саябақ;
- Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.

Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.

Айта кетсек, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды