Астанадағы ғимараттарда жазылған есірткі жарнамаларының көзі жойылды

23.10.2024, 12:41
730
Астанадағы ғимараттарда жазылған есірткі жарнамаларының көзі жойылды Аманжолова Мөлдір

21 қазанда Астанада есірткіге қарсы акция өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, акцияның аясында ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы хабарландырулар боялды. 

Акцияның негізгі мақсаты - есірткі жарнамасының таралуын азайту және жастар арасында нашақорлық мәселесіне назар аудару. Бастама 2024-2025 жылдарға арналған "Астана – есірткісіз қала" кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен іске асырылды.

Астанада есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған ESBOL QORY қорының есірткі қылмысының digital-картасы белсенді жұмыс істейді. Бүгінгі күні esbol.kz сайтына елорда тұрғындарынан 400-ден астам өтінім келіп түскен және олардың барлығын құқық қорғау органдары шара қолдану мақсатында қарастырып жатыр.

Қазақстандағы нашақорлық мәселесі ұлт денсаулығына, әсіресе жастар үшін негізгі қауіптердің бірі болып отыр. Есірткі туралы Дүниежүзілік баяндаманың (2023) деректері бойынша, Қазақстан 2017-2022 жылдар аралығында дәстүрлі емес нарықтардағы  метамфетаминнің ірі тәркіленуі бойынша елдер арасында екінші орында тұр.

Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 1 қаңтардағы статистикасы "Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары" диагнозымен динамикалық бақылауда 18-29 жас аралығындағы 2734 адам, сондай-ақ 66 бала мен жасөспірім тұратынын көрсетеді. Бұл деректерді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Анжела Бексұлтанова ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді