Алаяқтық үшін сотталған адам Президенттің атынан мемлекеттік награда таратқан

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 12:55
1102
Алаяқтық үшін сотталған адам Президенттің атынан мемлекеттік награда таратқан бейнежазбадан алынған кадр

Алаяқтық үшін сотталған Арнұр Әпсейітов қолдан жасалған медальдарды көптің көзінше Президент атынан табыстаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алаяқтық жасағаны үшін сотталған Арнұр Әпсейітов таяуда Алматыда өткен әйелдер форумында президенттің атынан кәсіпкер Жанна Канға жалған награда табыстаған. Желіде бұл жағдай наразылық тудырды. Аталған жайтты Sayasat.kz басылымы мәлімдеді.

Медаль қолдан жасалған және ондағы қолтаңба батысқазақстандық белгілі кәсіпкер Марат Қайырғалиевке тиесілі болып шықты.

Әпсейітовтің шартты түрде сотталғаны және пробациялық бақылауда екені белгілі болды. Алайда сотталғанына қарамастан Әлпейісов президенттің атынан награда табыстаған. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

"Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Арнұр Әпсейітов. Жігіт 21 жасында қандай еңбегі үшін осындай жоғары атаққа ие болғаны белгісіз. Бір жыл бұрын оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  ұстап, кейін 2 айға қамауға алып, артынша 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған еді", – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты Әділет министрлігі қоғамдық бірлестіктердің қызметі мен мемлекеттік наградаларды тапсыру тәртібін түсіндірді.

“Қоғамдық ұйымдардың қызметі Азаматтық кодекспен және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заңдармен реттеледі. Заңға сәйкес, қоғамдық бірлестіктің атауы мен рәміздері мемлекеттік рәміздерді немесе басқа ұйымдардың атауларын қайталамауы керек. Бұл нормаларды бұзу сот шешімімен бірлестіктің қызметін алты айға дейін тоқтата тұруға немесе тіпті таратуға әкелуі мүмкін”, – делінген министрлік хабарламасында.

Әділет министрлігі Қазақстанда ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе сату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және айыппұл салу немесе қамауға алуға болатынын баса айтты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады