Маңғыстауда жүкті әйелін көшеде пышақтап өлтірмек болған ер адам 15 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 13:18
741
Маңғыстауда жүкті әйелін көшеде пышақтап өлтірмек болған ер адам 15 жылға сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Маңғыстау облысында жүкті әйелін өлтірмек болған ер адам 15 жылға сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 2024 жылдың шілде айында Маңғыстау ауылындағы дүкеннің алдында болған. Видеодан жаралы әйелдің жерде жатқанын көруге болады. Ер адам оған жақындап, әйелді тепкілей бастайды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам адамдардың көзінше әйелге бірнеше рет пышақ сұққан.

Соттың мәліметінше, ер адам асхана пышағымен әйелінің арқасынан, санынан және кеуде тұсынан пышақтаған. Өтіп бара жатқан адамдардың араласуының арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.

Прокурор сотталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Алайда сот отырсында сотталушының әйелі оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сотталушының өзі жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, ең төменгі жазаны тағайындауды сұрады.

"Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының шын өкінуін, ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасағаны ескерілді", – делінген Маңғыстау облыстық сотының хабарламасында. 

Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды