Wildberries онлайн-дүкеніндегі ақауды пайдаланып 6 млн теңгеге «тегін сауда жасаған» қыз ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 16:58
749
Wildberries онлайн-дүкеніндегі ақауды пайдаланып 6 млн теңгеге «тегін сауда жасаған» қыз ұсталды бейнежазбадан алынған кадр

Енді ол 10 жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Красноярлық бойжеткен Wildberries-тен 1,2 миллион рубль (6 миллион теңге) тұратын тауарларды тегін алған. Дегенмен оның сайттан алған тауарларының бәрі уақыт өте келе ақылы деп саналды. Бұл туралы Stan.kz жазды.  

23 жастағы қыз маркетплейске 2023 жылдың көктемінде тіркеліп, одан қате байқаған. Ол алғашқы тапсырысын жеткізу пунктіне барып алған. Төлем жасау үшін карточкадан да ақша есептелмеген.

Содан бері қыз Wildberries-тен әртүрлі тауарларға үнемі тапсырыс беріп, iPhone, киім, аяқ киім, чемодандар, алтын зергерлік бұйымдар, ойын консольдері, парфюмерия, төсек-орын сатып алған. Ол алған заттарының бір бөлігін өзіне қалдырды, қалғанын интернет-дүкендерде сатып, қарыздарын жауып отырған. Осы уақыт ішінде қыз 1,2 миллион рубль (6 миллион теңге) үнемдеген. 

Жақында Wildberries бағдарламасында қате байқалып, есептік жазба бұғатталды. Қызға қатысты "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады