Елімізде тозығы жеткен автобустар көп

23.10.2024, 17:14
610
Елімізде тозығы жеткен автобустар көп Есенбек Базарқұл

Қазақстандағы халықаралық автобустардың 84 пайызының тозығы жеткен. Ал, облысаралық автобустардың 68 пайызы ескі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев мәлімдеді.

«Ауыл» партиясының бір арманы – Қазақстанда туризмді дамыту. Шетелде көліктің ықпалы өте жоғары. Екі қабатты автобустар жүреді, комфорт таксилері бар. Біздің Қазақстанға қарасаңыз, автобустардың көбісінің тозығы жеткен. Астана қаласы маңындағы базардағы автобустардың өзіне қарап, соны түсінуге болады. Халықаралық деңгейде жүретін автобустардың  84%-ның тозығы жеткен. Облысаралық автобустарда бұл көрсеткіш – 68%. Автобус паркін қалай жаңартасыздар? - деді мәжілісмен ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевқа.

Министр осыдан екі жыл бұрын «Жасыл даму» арқылы үлкен бағдарлама қолға алынып, соның шеңберінде қалалық қатынастардың арасында 3 мыңға жуық автобус жаңартылғанын атап өтті. Нәтижесінде қаладағы автобустың тозу деңгейі 52 %-дан 33%-ға дейін төмендеген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады