«Жақсының жақсылығын айт»: Тоқаев бұрынғы президент Назарбаевты ұмытпауға шақырды

23.10.2024, 17:35
985
«Жақсының жақсылығын айт»: Тоқаев бұрынғы президент Назарбаевты ұмытпауға шақырды Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын табыстау барысында сөз сөйлеп, Назарбаевтың еңбегіне тоқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты атап өтті. Сөзінше, қазіргі Қазақ мемлекетін құру ісінде Назарбаев шешуші тарихи рөл атқарған. Ол тұңғыш президенттің ел үшін жасаған қызметін ұмытпауға шақырды.

“Ел үшін жасалған қызмет ешқашан ұмытылмауы керек, ел жадында сақталуға тиіс. Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды. "Жақсының жақсылығын айт" деген халқымыз. Бүгінгі тарихқа әділ баға берілуі үшін кешегі тарих әділ бағалануға тиіс”, – деді президент.

Сондай-ақ қоғамдық тәртіп мәселесіне тоқталды. Тоқаевтың сөзінше, бейбітшілік пен дамудың түп негізі отбасындағы тәрбиеден, көшедегі тазалықтан, қоғамдағы бірліктен бастау алады. Ол елде заң мен тәртіп үстем тұратынын түсіндірді.

“Бұл – біздің айнымас қағидатымыз. Ол қоғамдық санада тамыр жаюға тиіс. Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет. Әрине, заңның қатаңдығына наразылық білдіріп, "қылбұрау салып жатыр" деп ойлайтын адамдар табылады. Бірақ жазадан жалтарып, жүгенсіз кеткендер – халық пен ел мүддесіне қарсы адамдар. Мемлекет қылмысқа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру үшін шара қабылдауды жалғастырады. Бұзақылықпен және ұйымдасқан қылмыспен күреседі” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бірлігі мықты ел болсақ, көк паспорт мықты әрі қуатты болатынын айтты.

“Бір-бірімізге тілектес болайық, өзара құрметпен қарайық, қадірлейік. Кез келген қиындыққа қарсы тұрып, ел үшін, жер үшін бірге еңбек етейік. Халқы – біртұтас, болашағы – жарқын Әділетті Қазақстанды бірге құрайық. Азаматтарымыз барлық салада әрдайым әділдік болғанын қалайды. Ол үшін әркім әділдікті, ең алдымен, өзінен бастауы керек. Сонда қоғам да, бүкіл мемлекеттік жүйе де әділ болмақ”, – деді ел басшысы.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды