Камала Харристі қолдау үшін миллиардер Билл Гейтс 50 миллион доллар ақша аударды

Аиса Махамбет Редактор
23.10.2024, 20:12
716
Камала Харристі қолдау үшін миллиардер Билл Гейтс 50 миллион доллар ақша аударды AP Photo

Республикашыл кандидат Дональд Трамптың қайтадан президент болуынан сескенетінін айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы миллиардер Билл Гейтс АҚШ вице-президенті, Демократиялық партиядан ел президенттігіне үміткер Камала Харристің сайлауалды науқанын қолдайтын үкіметтік емес ұйымға 50 миллион доллар берді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Басылымның хабарлауынша, Гейтс қайырымдылықты Камала Харристі қолдайтын Future Forward үкіметтік емес ұйымына бағыттаған және ол құпия болып қалуы тиіс болған.

– Жақында Билл Гейтс вице-президент Камала Харристің президенттік науқанын қолдайтын коммерциялық емес ұйымға құпия түрде шамамен 50 миллион доллар қайырымдылық жасады, - деді мәселемен таныс үш дереккөз.

Гейтстің позициясына жақын дереккөздің айтуынша, ол кез келген кандидатпен жұмыс істеуге ашық екенін айтқанымен, ол достарымен және басқалармен биылғы жылы әңгімелесуде республикашыл кандидат Дональд Трамптың екінші мерзімге сайлану мүмкіндігі туралы алаңдаушылық білдірген. Гейтс қайырымдылық қорына жақын дереккөздердің айтуынша, Трамп қайта сайланған жағдайда отбасын жоспарлау мен жаһандық денсаулық бағдарламаларын қысқарту мүмкін екендігі қор үшін үлкен алаңдаушылық тудырады.

Хабарға сәйкес, Гейтс ажыратқан қаражат 501(c)(4) түріндегі ұйым болып есептелетін Future Forward USA Action ұйымына жіберілген, сол үшін де донорлардың аты-жөні жария етілмейді.

АҚШ-та президент сайлауы ағымдағы жылдың 5 қарашасында өтеді. Камала Харрис Демократиялық партиядан, ал бұрынғы президент Дональд Трамп Республикалық партиядан үміткер болады.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады