«Есеп үшін видеоға түсіріп алыңдар»: жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан Антикор ұйымдастырған кездесуде «қорланғанын» айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 13:28
829
«Есеп үшін видеоға түсіріп алыңдар»: жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан Антикор ұйымдастырған кездесуде «қорланғанын» айтты facebook.com/Қанат Тілеухан

Журналист кездесу үшін арнайы Алматыдан Талдықорғанға барған. Ол кездесудегі қателікті ашық жариялап, ұйымның басшылығы кешірім сұрамағанын айтып, ренішін жеткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жазушы, журналист Қанат Тілеухан өзінің Facebook-тегі парақшасында Талдықорғанға оқырманмен кездесуге келісіп, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған іс-шараға тап болғаны туралы жазба жариялады. Stan.kz басылымы шараны ұйымдастыруға атсалысқан Жетісу облысы жастар ұйымынан болған жағдайға қатысты сұрау жолдаған. 

Журналист Қанат Тілеуханның айтуынша, өткен аптада Талдықорғаннан бір жігіт хабарласып, кездесу ұйымдастырылып жатқанын айтқан.

“Аға ертең келе аласыз ба?” дейді ентігіп. “Тыныштық па?” деймін. “Сізбен кездесу ұйымдастырсақ” дейді. Б.Римова театрында "Медаль" спектаклі қойылғанда ғана туған жерде бір шығармашылық қауышу болған еді. Осы уақытқа дейін Талдықорғанда оқырманмен бес минуттық та кездесу өткізбеппін. “Жақсы” деп келістім. Бүгін келсем, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еркін форматтағы" кездесу деп тұр. Екі жас қыз жүр екен. “Менің жемқорлыққа қатысым не?” десем, күмілжіп дұрыс жауап бере алмады. Ақыры келдім ғой деп отырдым. Сонымен бір сағат өтті ешкім жоқ. “Қыздар, бұның бәрі есеп үшін ғой. Видеоға түсіріп алыңдар. Кешігіп келе жатқан көрерменді түсіріп, монтаж жасай саларсыңдар” десем, “мақұл” дейді. Негізі әзілдеп айтқам. “Жақсы-жақсы” деп мобилографқа түсіртіп жатыр”, – жеп жазды Қанат Тілеухан.

Жазушы ұйымдастырушыларға бұл тірліктері жарамайтынын айтып, шараға қатысудан бас тартқан.

“Балалар, мыналарың ұят қой. Аман болыңдар” десем, “ренжімеңізші” дейді. Тіпті ертең келе аласыз ба деп қояды. Алматыдан жұмысымды тастап келген ем. Әңгіме осы. Ұйымдастырушы – Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық антикор. Айтпақшы, қайтып бара жатсам шотыма елу мың теңге түсті. Дана есімді қыз қоңырау шалып кешірім сұрады. 50 мың қаламақым екен. Қайта өзіне салып жібердім. Қорланып кетіп барам”, – делінген жазбада.

Осы тұста іс-шараны ұйымдастырған Жетісу облысы жастар ұйымына Stan.kz басылымы сұрау тастап, мән-жайды білуге тырысқан.

“Жалпы іс-шарада адалдық, парасаттылық жөнінде айтылу керек еді. Ол кісіге хабарласқан кезде солай айтқан едік. Өз өмірінен, қызмет барысында болған адалдық, парасаттылық төңірегінде әңгіме өрбітіп, еркін форматта сөз сөйлесе деп едік. Біздің тарапымыздан кеткен қателік – шараның тақырыбы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болашақ” болады деп айтып, ескертпедік. Негізі мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бірақ соның төңірегінде адалдық пен парасаттылық туралы әңгіме болу керек еді. Ол кісі келгенде баннерден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің белгісін көріп, “Неге маған ескертілген жоқ? Мен жемқорлық туралы не айтамын?” деді. Сонда қосымша ақпарат беріп, түсіндірген едік. Бірақ шараға келетін қонақтардың тізімін Қоғамдық даму басқармасы мен Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыс агенттігі бірлесіп отырып берген еді. Соның ішінде Қанат мырза да бар. Өйткені ол – Жетісу өңірінің тумасы. Біз әр саладан спикер тартуымыз керек еді”, – дейді Жетісу жастар ұйымының заңгері Ержан Жанадылов.

Жетісу жастары ұйымы өкілінің іс-шараның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қандай қатысы барын айтты.

“Шара тақырыбы жемқорлыққа қатысты болғандықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі афишаны, спикерлерді өздері тексереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттікке қатысты болған соң қойып отыр. Бірақ келісім шарт бойынша Қоғамдық даму басқармасы мен Жастар ұйымы арасында жасалып отыр. Қанат мырза, шараға келіп, лэд экраннан тақырып қосылған соң “Менің не қатысым бар?” деген сұрағын қойды. Біздің тараптан қателік бар, өйткені жиынға көрермен кешігіп келді. Спикер 30 минут күтіп, кетіп қалды. Біз кешірім сұрап “келесі жолы жақсылап ұйымдастырамыз, келе аласыз ба?” деп сұрап едік ашуланды. Содан кейін біз де көндіруге тырыспадық. 50 мың теңгеге қатысты айтар болсақ, біз шақырған соң ол кісі Алматыдан келіп отыр. Келіп-кету сияқты жол шығындары мен тамағы біздің мойнымызда. Ақшаны сол үшін жібердік. Ол кісі ашуланып бізге ақшаны қайта салып жіберді”, – дейді заңгер. 

Ержан Жанадылов күні кеше Қанат Тілеухамен телефон арқылы тілдескен екен. Журналист ұйымның басшылық тарапынан кешірім сұрамағанын айтып, ренішін жеткізген. Алайда Қанат Тілеуханның өзі бұл мәселені ары қарай қозғап, көтеруге құлқы жоғын айтты.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ермек Сәмединұлының айтуынша, болған жағдайға жергілікті әкімдік пен Қоғамдық даму басқармасының арасындағы түсініспеушілік себеп болған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді