«Көбінің мақсаты атын шығарып, атақ алу»: Депутат «би» сайланып жүргендерді тексеру керегін айтты

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 13:54
813
«Көбінің мақсаты атын шығарып, атақ алу»: Депутат «би» сайланып жүргендерді тексеру керегін айтты instagram / qazaq_biler.alqasy

Бас прокуратура мен Әділет министрлігіне «Қазақ билері» мен «Қазақ билер алқасы» секілді күдікті ұйымдарды тексеру керегін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Amanat фракциясының депутаттары мәжіліс отырысында өздерін “би” сайлап, мәселелерге пәтуа айтып жүргендерді тексеріп, олардың әрекетіне құқықтық баға беруді ұсынды. 

Депутат Болат Керімбек бас прокурор мен әділет министріне жолдаған сауалында елде өзін сайлап алған жалған “билердің” көбейгенін айтады. 

"Қазақ билері", "Қазақ билер алқасы" секілді атаулармен құрылған түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдар қаптады. Тіпті, ресми тіркелмей-ақ өз алдына оңаша отау құрып, би болып жүргендер де жетерлік. Бұдан бөлек, ат төбеліндей аз ғана топтың қолдап-қолпаштауымен Бас би атанып, асатаяқ ұстап, ақыл айтып, шешім шығарып жүргендер де бар. Олардың кейбірінің ниеті дұрыс болғанымен, көбінің мақсаты атын шығарып, атақ алу, жұрт үстінен күн көріп, мал табу секілді. Осындай жұрт білмейтін, елге айтарлықтай еңбегі сіңбеген, көпшілік мойындамаған қаптаған билер әр іске жөнсіз араласып, көсемсіп, жұртты жік-жікке бөлуімен қоймай, өзара таласып, қазақтың ғасырлар қойнауындағы қасиетті билер институтына кір келтіре бастады”, – деді ол. 

Депутаттың айтуынша, бұрынғы заманнан қалған билер институты бұл бүгінгі сот билігі. Ал қазіргі қаптаған билер осы қастерлі атақ, абыройлы тәрбиенің қадірін кетіріп, құнын түсіріп жатыр дейді. Сондықтан билер ұйымдарының жұмысын жіті тексеруге шақырды. 

“Біз нақты құрылымдалған сот жүйесі бар, әрбір азаматы алқабилер мен халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық қорғау құқығына ие елде өмір сүріп жатырмыз. Ал билер келіп, сол қалыптасқан норманы бұзбақшы ма?! Олай болмаса, олардың көздегені не, мақсаты не? Неге өздерін өздері би сайлап алған? Кім оларға мұндай өкілеттік берген?! Әрбір өңірде жергілікті әкімдік пен Мәслихаттар, сот билігі мен құқық-қорғау органдары бар, ақсақалдар мен қоғамдық кеңестер заң аясында қызмет етуде. Туындаған мәселелені шешетін де, көтеретін де осы заңды ұйымдар мен мекемелер. Яғни заң мен тәртіп концепциясын іске асыратын билік тармақтары бізде нақты айқындалған”, – деп қосты ол. 

Депутат сөз соңында өздерін би сайлап, мәселелерге пәтуа шығарып жүрген түрлі адамдардың әрекетіне нақты құқықтық баға беріп, "билер" атын жамылған ұйымдардын жұмысына тексеру жүргізуді ұсынды.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты