Ақтөбеде қайырымдылық қордың басшысы мүгедек балалардың ақшасын ұрлаймын деп сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 14:57
816
Ақтөбеде қайырымдылық қордың басшысы мүгедек балалардың ақшасын ұрлаймын деп сотталып кетті бейнежазбадан алынған кадр

Мүгедек балалардың ата-анасына аударылған ақшаны қалтасына басып отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде қайырымдылыққа деп жиналған 44 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген  "More Life" қоғамдық қорының директоры сотталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Сотталушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе қаласының № 2 сотында "More Life" қоғамдық қорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, "More Life" қоғамдық қорының директоры 2022-2024 жылдар аралығында науқас балалардың ата-аналарының шоттарына түскен ақшалай қаражатты өзіне иемденген.

Шығын көлемі 43 889 429 теңгені құрады. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Тіпті жауап беруден бас тартты.

"Жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтары, банктік шоттардан алынған көшірме сотталушының кәнісін дәлелдеді. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деп хабарлады Ақтөбе қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)