1004

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Бишімбаев туралы кітап жазып жатыр

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев туралы кітабы жарық көретінін айтты.

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Бишімбаев туралы кітап жазып жатыр
golos-naroda.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі болған Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді.

Ол іnstagrаm парақшасында өз өмірі жайлы кітап бастап кеткенін жеткізді.

Кітап мен туралы, бірінші некем жайлы болады. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – деп нақтылап кетті.

Сонымен қатар, Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында орын алды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор