904

Еліміздің қай өңірлерінде электр энергиясының тарифі өседі?

Бірқатар өңірде министрліктің бұйрығымен электр энергиясының тарифі қымбаттайтын болды.

Еліміздің қай өңірлерінде электр энергиясының тарифі өседі?
коллаж smartnews.kz

Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді.

Сөйтіп, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап:

- Бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;

- Екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

- Тоғызыншы топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

- 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

- 18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

- 28-топ ("Жаңажолская ГТП" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

- 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

- 48-топ (ТНК "Қазхром" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін өседі.

Сонымен қатар, тізімге жаңа компаниялар қосылды. Ондағы тарифтер алғаш рет бекітілді:

- кВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифпен 56-топ;

- 56,63 теңге тарифпен 57-топ;

- 26,08 теңге тарифпен 58-топ;

- 22,56 теңге тарифпен 59-топ;

- 60-топ тарифі 3,07 теңге.

Материал авторы