Қазақ еліне +1 дубляж: «Веном: соңғы би» фильмі қазақ тілінде жарық көрді

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 17:17
3176
Қазақ еліне +1 дубляж: «Веном: соңғы би» фильмі қазақ тілінде жарық көрді til.kz

Фильмді қазақ тіліне аударып дыбыстау үшін Sony Pictures студиясы өзі қаржы бөлген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды. 24 қазаннан бастап «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысы кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Бұл – «Веном» трилогиясының қорытынды бөлімі. Marvel комикстеріне негізделген. Алғашқы екі бөлімі үлкен қызығушылық тудырды. Басты рөлді теңдессіз Том Харди сомдайды. Бұл жолы Эдди мен Веном достасып, зұлымдармен бірге күреседі. 

«Sony Pictures компаниясында дубляж бен локализация әрдайым халықаралық маркетинг стратегиясының ажырамас бөлігі болатын. Бұрыннан келе жатқан серіктесіміз, «Меломан» компаниясымен бірлескен жұмысымыздың арқасында, франшизаның жаңа бөлімі «Веном: Соңғы би» туындысында Веном қазақ тілінде сөйлейтініне қуаныштымыз», - дейді Sony Pictures компаниясының халықаралық маркетинг жөніндегі вице-президенті Наталия Грымова. 

Ал MARWIN/Меломан бас директоры Вадим Голенко Голливуд студияларының қазақ тілін дамытуға белсенді үлес қосып жатқанын айтты. 

«Биыл Қазақстанның үлкен экрандарына жаңа «Веном: Соңғы би» блокбастерін шығарамыз. Дыбысталған фильмдер тек көңіл көтермейді, сондай-ақ олардың орасан зор танымдық әлеуеті бар. Елестетіп көріңізші, сүйікті суперқаһармандар сізге жақындай түседі. Веномның өзі ана тіліңізде сөйлейді. Бұл ғажап қой! Ал студияларға көрермендердің қазақ дубляжына деген сүйіспеншілігін көрсетіп, келесі жылы қазақ тілінде шығатын дубляждар мен ғажайып шытырман туындыларды күтеміз», - деді ол. 

Өз кезегінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы көпшілікті қазақ тіліне аударылып жатқан фильмдерді кеңінен насихаттауға, кинотеатрларға барып, қазақ дубляжын қолдауға шақырды. 

«Әлемдік студиялардың қазақтілді ортаның қызығушылығын ескеріп, туындыларын өз есебінен аударып, ұсынуы – біз үшін өте жақсы жаңалық. Биылғы әлемдік премьералардың қазақ тіліндегі аудармасы бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге жетті. Қазақша кино қарауға ықыласты қауымның көбейгені анық байқалды. Алдағы уақытта танымал туындыларды қазақ тіліне аудару дәстүрі жалғаса береді. Бұл тіліміздің, әсіресе, балалар мен жастар үшін тартымдылығын арттыруға және кеңінен таратуға бағытталған тиімді тәсіл деп санаймын», - дейді Рауан Кенжеханұлы.

Бұған дейін Disney, Pixar сынды халықаралық студиялар әлемдік танымал туындыларын өз есебінен қазақ тіліне аударып, кәсіби дубляж жасады. «Ойжұмбақ 2» фильмі алғашқы 4 күнде 40 000 000 теңгеден астам қаражат жинап, бұған дейін көрсетілген туындылар арасында рекорд орнатты. Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері арасында Қазақстан жиналған сома бойынша бірінші орында тұрды. 

Айта кетейік, қазақ тіліндегі дубляжды қазақстандық Movie Dalen дубляж студиясы жасады. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды