«Намаз оқимын дегеніне сендік»: Аустралияда жұмыс істеп байығысы келгендерді блогер сан соқтырды

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 14:30
682
«Намаз оқимын дегеніне сендік»: Аустралияда жұмыс істеп байығысы келгендерді блогер сан соқтырды бейнежазбадан алынған кадр

«Аустралияда айлық – 2 млн теңге» деген сөзге алданған бір топ шымкенттік тұрғын қолдағы бар ақшасын блогерге берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Demeu-tour парақшасының иесіне алданып қалдық деген бір топ шымкенттік әйел “Көреміз” бағдарламасына барған. 

“Айына екі миллион жалақы аласыңдар” деді

“Өзім жалғызбасты анамын. Екі балам бар. Бірі 23-те, екіншісі – 21 жаста. Ұлдарым Шымкенттің базарында жұмыс істейді. Күніне 5 мың теңге табады. Өзімнің жоғары білімім жоқ. Демеу деген жігітті TikTok арқылы таптық. Екі-үш танысым шетелге кетіп, жақсы жалақы алып келді. Мен де соларға қызығып, Аустралияға кеткім келді. Айына екі миллион жалақы аласыңдар деп сендірді. Алдымен 400 мың теңге аудардық. Одан кейін виза үшін ақшаларыңды жинай беріңдер, 1 миллион 500 мың теңге бересіңдер деді. Мен ол ақшаны тауып бере алмадым. 400 мың теңгені де несие алып бергенмін. Содан кейін алты айдан кейін ізін суытты. Ешқандай уәдесін орындамады. Біз “намаз оқимын, Меккеге барғанмын” дегесін сеніп едім , – деп күйінді Гүлбану Әділбаева.  

Шымкенттік әйелдің сөзінше, 30 адам алданып қалған. Бірі бір миллион теңге аударса, екіншісі үш миллион теңге аударып жіберген. 

“Демеудің өзі мен 400 мың теңге аударғаннан екі күннен кейін хабарласты. Тағы да миллион теңге сұрады. Сол сумманың ішіне Австралиядағы жұмыс, жатын-орын, күтіп алып, орналастыру кіреді” деді. Мен дәл қазір тауып бере алмайтынымды айттым. Бірақ жанымдағы келіншектер қолдарындағы ақшаны аударды. Жалпы, 30 адамды сан соқтырып кетті. Арамызда мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған да аналар бар еді”, – деді шымкенттік әйелі. 

Одан кейін тағы бір азамат Демеу есімді блогермен байланысып, алданып қалғанын айтты. Азаматтың сөзінше, Корея еліне кетпек болған. 

“Жан-жақтан қарыз сұрап, екі миллион теңгені аулардым”

“Демеуді танитын ортақ таныстарым көп болды. Туған қарындасым да таниды екен. Сол үшін сендім. Өзімнің атымнан 1миллион 900 мың теңге аудардым. Әйелімнің атынан 520 мың теңге аудардым. Негізі, Кореяға бару жолдарын өзіміз де қарастырған едік. Алайда Демеуді сенімді деп ойладық. Бүкіл ақшаны алғаннан кейін алаяқ болып шықты. Алданғанымды ортақ чат ашылды сол жерде білдім. Ол чатта отырғандардың бәрі блогерге алданып қалыпты”, – деп бастады әңгімесін Мақсат Байдулла. 

Атыраулық жігіт оқиғасын бағдарлама студиясына келіп жалғастырды. 2017 жылдан бері шетелге шығып, табыс табуды ойлап жүргенін жасырмады. 

“Кішігірім дүкеніміз бар. Жеке кәсіппен айналысамын. Бірақ көптен бері шетелге шығып, жақсы жалақы табуды ойлап жүрген едім. Отбасымда 11 жан тұрамыз. Бір дүкенге қарап қалмайық деп шетелге баруды көздеп едім. Қарындасым алты ай Кореяда оқыған еді. Сол жақта Демеумен танысқан. Ол мақтауын асырып, “жақсы бала, сенімді” деді. Әйелім екеумізге медициникалық виза жасаймыз деді. Артынан алаяқ болып шықты. Екі миллион жарым теңгем қайтқан жоқ. Екі миллион теңгенің басын құрау үшін жан-жақтан қарыз алдым. Наурыз айынан бері ақшамды қайтарған жоқ. Полиция департаментіне жүгіндік, халықаралық іздеу жарияланды деді. Бірақ істің қағаз жүзіндегі нұсқасын көрсетпеді”, – деді атыраулық кәсіпкер. 

Бағдарлама ұжымы блогер жігіттің өзімен байланысқа шығып, шағымданушылардың қарасы көп екенін айтты. Демеу Тарих та жағдайды түсіндірді. 

 “Өзім Бразилияда жұмыста жүрмін”

“Маған да адамдар виза бойынша хабарласып жатыр. Мені де жалпақ тілмен айтқанда “қадап кетті”. Құжат жасайтын қызметкерлерім де ақшаны уақытында аудармады. Екі ортада мен қалдым. Медициналық виза жасайтын адамдарым да уақытын ұзартып жіберді. Қазір өзім Бразилияда жұмыс істеп жүрмін. Бұл жақта жүріп, АҚШ-қа, Мексикаға жұмыс визасын дайындап жатырмыз. Халық шулап кетті. Алаяқ деген атқа қалдым. Енді мен олардан уақыт сұрап едім, бірақ өздері елді шулатып жүр. Сосын мен елден кетуіме тура келді. Солардың кесірінен жұмыс та тоқтап қалды. Елге де қайта алмаймын. Өйткені мені ол жақта қамап тастауы мүмкін. Мына жақта жұмысым жақсы жүрсе, адамдардың ақшасын қайтарып беремін”, – деп уәде берді Демеу Тарих. 

Сонымен қатар Мейрамғали Қайнарбаев та шетелге жұмыс істеуге кетіп, “ішкенім – ірің, жегенім – желім” болды деп күйінді. 

 “Компанияға 750 мың теңгедей бердім”

“Шетелде жұмыс істеу идеясы Дубайға барып келгеннен кейін басталды. Жыл сайын шетелге шығып, демалып тұрамын деп ойладым. 2022 жылы Алматыға келіп, Франция елшілігіне виза тапсырып, евротур жасағым келді. Бірақ маған виза берілмеді. Содан кейін бір жұмыс бітіріп кетейін деп жұмыс әрі қыдыру деген парақшаны тауып алып, соларға жаздым. Бір топ адам саяхаттап барып, әрі жұмыс істейді екен. Тіпті көрсетілген мекенжайларына дейін тауып, слайдтарымен таныстым. Словакияны көргім келген. Бірақ оған визадан мәселе туды. Содан не керек, компания арқылы Польшаға одан кейін Нидерландыға бардым. Видеосын да көрсете аламын. Хостелдері адам шошырлық болды. Компанияға 750 мың теңгедей бердім. Бірақ уәдесін қаражатқа сай орындамады”. – деді тараздық тұрғын. 

“Оған шұғыл елден кету керек болды”

Бағдарлама түсірілім тобы Work and Roll компаниясына барып, Мейрамханның мәселесін шешпекші болды. Алайда сату бөлімінің басшысы өз нұсқасын айтты. 

“Мейрамханға елден кету керек болды. Сол үшін біз оған Польша арқылы Нидерландыға өтуге ұсыныс айттық. Ол келісті. Одан кейін жататын жерінен мәселе туындады. Оны да шешуге тырыстық. Жұртты шулатпай, бітімге келейік дедік. Алайда жағдай ушығып кетті. Тіпті жарты ақшасын қайтарып та береміз дедік. Ол келіспеді. Енді сот арқылы шешеміз”, – аталған компанияның сату маманы.  

Танымал актриса тойының алдында суға батып, қайтыс болды Аяз ата «кейпіндегі» Дүниежүзілік банк: Қазақстаннан ештеңе аямайды «Ән падишасы үйімізге келді»: Роза Рымбаева Роза Әлқожаның жиенінің тұсауын кесті (ВИДЕО) 10 млн керек пе: Шалғай ауылға дәрігер болып бар «Сырт адам қыз ұзатпайды»: Тамара Асар әншілердің қыз ұзатуына байланысты ойын айтты Қорық басшысы пара алуға қорықпаған Мерекелер келе жатыр: Мектепте ақша жинау бастала ма? Аягөзде сарбаз ант қабылдау кезінде есінен танып қалған (ВИДЕО) Дәулет Тұрлыхановтың ұлының тағдыры не болды? Доллардың көтерілуі тұрғын үйдің бағасын да аспандатпақ Елімізде апатты мектептер аз емес, жағдай мәз емес Ауылға мектеп салынады, оқушы да табылады «Басқа қызға үйленіп тынды»: Айнұр Тұрсынбаева махаббат туралы хикаяны жұртқа баяндап берді Жоба бар, жол жоқ: Бюджет қаржысы желге ұшты ма? Үйді тегін рәсімдейтіндердің санаты белгілі болды Менделеев кестесіндегі барлық минерал бар: Көрсеткіш қандай? «Мына бала мінез көрсетіп жүр»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының құбыла бастағанын айтты «Жағдайы ауыр». Ақтөбеде 3 жасар қызды көлік басып кетті (ВИДЕО) Басы «қатты істейтін» бастықтар: бюджет қаржысына пәтер сатып алған «Алло, скорая?»: Жедел жәрдем қызметі қанша минутта келеді?