Тұңғыш Oxford қазақ-ағылшын сөздігінің тұсаукесері АҚШ-та өтті

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 16:31
727
Тұңғыш Oxford қазақ-ағылшын сөздігінің тұсаукесері АҚШ-та өтті бейнежазбадан алынған кадр

АҚШ-тың Конгресс кітапханасында Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сөздіктің маңыздылығын атап өтті. 

"Қазақ тілі" халықаралық қоғамы әзірлеген Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері болды. Ұйым президенті Рауан Кенжеханұлы сөздік тіл үйренушілерге көмектесіп қана қоймай, оның әлемдік лингвистикалық қауымдастыққа енуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл – қазақ тілін халықаралық аренада танымал ету және дамыту үшін жасалған маңызды қадам", – делінген хабарламада.

Республика күні қарсаңында Конгресс кітапханасында салтанатты шара өтіп, онда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев мәдениет, тарих және әдеби мұраға арналған кітаптар жинағын сыйға тартты. 

Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жасаған жомарт сыйы үшін ризашылығын білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азиядағы зерттеушілер үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды