Енді өзін «хайуан» деп қабылдайтын квадроберлер 15 тәулікке қамалады

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 18:11
2154
Енді өзін «хайуан» деп қабылдайтын квадроберлер 15 тәулікке қамалады pinterest.com/Uenni_kvd

Итке еліктеп, басқаларды қауып алуға дайын субмәдениетшіл квадробер жастар көбейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда кәмелетке толған квадроберлер 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Өзбекстан ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, квадробинг субмәдениетіне еліктейтін жастар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылады. Атап айтқанда, оларға 3-5 базалық есептік шама аралығында (88,5 доллардан 147 долларға дейін) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Ташкентте квадробинг субмәдениетімен әуестенетін екі жасөспірім итке еліктеп, адамдарға шабуыл жасаған. Тиісінше, одан балалар мен тұрғындар қорқып қалған. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғындардың ата-анасымен сөйлесіп, оларға бала тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін 1,8 млн сум (шамамен 147 доллар) айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертті.

Жануарға еліктеп, соның іс-қимылын қайталап, дауысын салып, олардың азығын жейтіндер квадробер деп аталады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды