«Сіз енді маған керек емессіз дедім»: араға жылдар салып Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 19:29
4845
«Сіз енді маған керек емессіз дедім»: араға жылдар салып Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады коллаж smartnews.kz

Баян Мақсатқызы өзін танымал еткен режиссерге айтқан ауыр сөздері үшін өкінетінін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елге танымал продюсер Баян Мақсатқызы көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады. Ол өзі дебют жасаған "Махаббат станциясы" фильмінің режиссері Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Бұл туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол кішкентай Орал қаласынан шыққан Баянды бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдызға айналдырған адам. Мен “Махаббат станциясы” фильміне түсіп, бірден Қазақстандағы ең танымал қызға айналдым. Содан біздің арамызда түсінбеушілік пайда болды.

Ол екінші фильм түсіруі керек еді. Сол кезде “Мен киноға енді түскім келмейді. Маған онсыз да бәрі ұнайды. Сіз маған енді керек емессіз”, деп айттым. Ал негізінде ол - менің алғашқы ұстазым. Ол маған көп нәрсе үйретті.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Сол кезде қатыгездік танытқаным үшін кешірім сұраймын”, – деді продюсер.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды