955

Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылды

Енді сараптамадан өткізуге міндеттеледі.

Қазақстанда әскерге шақырушылар денсаулығын тексеру кезінде қандай сараптама тапсыру керек екені айтылды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Осылайша олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz жазды.

"Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.

Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:

жалпы қан талдауы;

несеп талдауы;

кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;

электрокардиографиялық зерттеулер;

микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;

бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;

бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;

АИТВ инфекциясына қан талдауы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор