Журналист павлодарлық полицейлердің аңдып жүргенін мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
26.10.2024, 12:51
972
Журналист павлодарлық полицейлердің аңдып жүргенін мәлімдеді жеке мұрағатынан

Құзырлы орган өкілдері пәтерінде кім тіркеуде тұрғанына тексеріс жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Жәмила Маричева қазақстандық полиция тарапынан оған деген жаңа қызығушылықтың пайда болғанын айтты. Оның айтуынша, бірнеше күннен бері құзырлы орган өкілдері пәтерінде кім тіркеуде тұрғанына тексеріс жасаған. Бұл туралы Кaztag.kz порталы жазды.

Журналист жүгіру кезінде өзін ұстап кеткенін, енді тіркеуде кіммен тұратынынын тексеріп жатқанын айтады.

"Мұны осында тіркеп қояйын, себебі павлодарлық полиция маған ерекше қызығушылық танытып отыр. Екінші күн қатарынан келіп, туыстарымды мазалап пәтерімде 18, 25, немесе 12 адам тіркеуде тұрғанын айтып жатыр. Ішке кіруге қатты құмар секілді", – деп жазды Маричева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол шағым дайындап жатқанын да қосты.

"Сондай-ақ менің пәтерімде ешқандай бөтен адамды тіркемегенімді, бұл адамдардың кім екенін білмейтінімді де көпшілік алдында айтқым келеді. Егер бұл жалған тіркеулер болса, онда сұрақ көші-қон қызметіне: менің рұқсатымсыз пәтерімде қалайша 18, 25 немесе 12 адам тіркеліп кеткен? Шамасы, керісінше маған емес, олардың жұмыс сапасына сұрақ қоюым керек секілді", – деді журналист.

Еске салайық, 24 сәуірде Алматыда ProTenge жобасының негізін қалаушы әрі бас редакторы Жәмила Маричева полиция бөліміне жеткізілді. Оны полиция Азаттық радиосының қаңтардағы жазбасын қолдағаны үшін ұстап әкеткен. Кейін ол полиция ғимаратынан шыққанын хабарлады. 25 сәуірде Маричева журналист Асхат Ниязовпен бірге сот процесіне дайындалып жатқан еді. Осы күні кешке мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева Маричева мен Ниязовтың ісі жайлы жазба жариялады. Бірақ полицияның әрекеттеріне баға берген жоқ. 13 мамырда сот Маричеваны осы іс бойынша айыппұл төлеуге міндеттеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды