1022

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр

Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөліміне 21 қазанда жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызы Сарсенова Дильназ Ерланқызы 19 қазанда таңертең үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны туралы өтінішпен жүгінген. Бұл туралы Stan.kz жазды,

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған 16 жастағы қыз әлі табылмай жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицияның дерегіне сенсек, қыздың бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталды. Сонымен қатар жасөспірім мүмкіндігі шектеулі жан деп Sinegor.kz порталы мәлімдеді.

Жоғалған қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң ата-анасы құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқ киім киген. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуларын өтінеді. Қыздың жасы мен мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор