879

Астанадан Вьетнамға тікелей рейс ашылады

Сәрсенбі және сенбі күндері Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей рейстер ашылады.

Астанадан Вьетнамға тікелей рейс ашылады
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор