«Көре алмай отыр деп ойлап қалмасын»: Ақбота Керімбекова марапат алған өнер иелерін сынады

Аиса Махамбет Редактор
26.10.2024, 19:38
4278
«Көре алмай отыр деп ойлап қалмасын»: Ақбота Керімбекова марапат алған өнер иелерін сынады жеке мұрағатынан

Өнер иесі орден алғандарды сынап, өзін «үкімет үшін әндетпеймін» деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ақбота Керімбекова марапатталып жатқан әріптестеріне сын тақты. 

Әнші желідегі парақшасында атақ алған өнер иелеріне жазба арнады.

"Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет", "Парасат", "Даңқ". Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! – дейді ол.

Шындықты айтқаны үшін әріптестеріне "көре алмай отыр" деп ойлап қалмасын дейді Керімбекова.

"Үйдегілер кейде сұрап қалады "Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?" дейді. "Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол" деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін "көре алмай отыр" демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Tik-Tok-ындағы легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер?! Көре алмай жүрсіңдер ме? – деп сынға алды Ақбота Керімбекова.

 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды