931

Мадридтік «Реал» өз алаңында «Барселонадан» оңбай жеңілді

Матч алдында алаң иелері фаворит саналған еді.

Мадридтік «Реал» өз алаңында «Барселонадан» оңбай жеңілді
instagram.com/fcbarcelona

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Испания чемпионатының 11-турында Мадридте «Реал» мен «Барселона» кездесті.

Матч алдында алаң иелері фаворит саналған. Десе де каталондықтар бірінші таймнан тізгінді өз қолына алып, чемпионаттағы басты қарсыласын тас-талқан етіп ұтты.

Бірінші таймда командалар алма-кезек шабуылдар ұйымдастырғанымен, жанкүйерлер соғылған гол көрмеді. Есесіне екінші таймда «Барселона» «Реал» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. 54-минутта Роберт Левандовский қонақтарды алға шығарса, араға небәрі екі минут салып ол есепті еселеді. Ал 78-минутта «Барселонаның» ең жас ойыншыларының бірі Ламин Ямаль Лунин күзеткен қақпаға үшінші голды соқты. Бразилиялық Рафинья 84-минутта матчтағы соңғы нүктені қойды.

11 ойыннан кейін «Барселона» 30 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді. «Реал» 24 ұпаймен екінші орында тұр.

Материал авторы