15 млн қалтада: Биылғы «Қазақстан барысы» анықталды

27.10.2024, 11:33
1212
15 млн қалтада: Биылғы «Қазақстан барысы» анықталды instagram.com/instagram/qazaqstan_barysy

Күрес финалында Абай облысынан келген балуан Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадада Республика күніне орай қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы-2024" турнирінде Ерасыл Қажыбаев чемпион атанды.

Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің финалында Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) пен Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы) белдесті. Белдесу қорытындысына сәйкес Ерасыл Қажыбаев қарсыласын соңғы сәтте таза ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Ал қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің үшінші орыны үшін белдесуде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) сынға түсті. Нәтижесінде Абай облысының балуаны Саят Шамшиев басым түсіп, "Қазақстан барысы – 2024" турнирінің 3-орын иегері атанды.

Осылайша 42 балуан бақ сынап жатқан турирдің шешуші сынына да келіп жетті. Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынап жатыр. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. 

Аталған турнирдің жеңімпазына 15 000 000 теңге берілсе, 2-орын алған спортшы 3 300 000 теңгеге иелік етеді. Ал 3-орынға қол жеткізген балуан 1 080 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар әр балуан әр белдесуде жеңіске жеткені үшін тағы 100 000 теңгеден алып отырады. 

Жалпы "Қазақстан барысы-2024" республикалық турнирдің жүлде қоры – 27 100 000 теңге. Аталған турнирде жеңіске жеткен балуандардың бапкерлері де сыйақысыз қалмайды. 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді