«Үстел ойындары, домбыра, тегін караоке бар»: Шыны киіз үй бейнесіндегі жаңа кітапхана көпті таңғалдырды

27.10.2024, 13:31
914
«Үстел ойындары, домбыра, тегін караоке бар»: Шыны киіз үй бейнесіндегі жаңа кітапхана көпті таңғалдырды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қарағандыда ерекше кітапхана ашылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Республика күні "Өлкетану" кітапханасы ашылды. Ол шыны киіз үй түріндегі ерекше дизайнымен ерекшеленеді және оқу мен бос уақытты өткізудің әртүрлі мүмкіндіктерін ұсынады.

Заманауи кітапханада тек кітап оқып қана қоймай, уақытты тиімді өткізуге болады: үстел ойындары, домбыра, караоке бар.

Шеберлік сабақтар, қызықты және табысты адамдармен кездесулер өтеді. Мұның бәрі тегін.

Кітапхана өлкетану бағыты бойынша жұмыс істейді. Мұнда жергілікті жазушылармен кездесулер өткізіліп, республикамызда тұратын адамдардың шығармашылығы туралы айтылады. Әсіресе балаларға патриоттық тәрбие беру үшін жазатын жазушылардың шығармашылығы таныстырылады. Біз балалар әдебиетінің, тарихи кітап қорын жинадық. Мұнда сіз бүкіл отбасыңызбен келіп, оқи аласыз. Эссе жазу үшін компьютерлер мен интернетті пайдалуға болады. Бізде мобильді кітапхана да бар. QR сканерлеп, электронды кітапты өзіңізбен бірге ала аласыз, - дейді Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлжан Ахметкәрімова

Кітапханада оқу залы да, абонемент те жұмыс істейді. Тұрақты оқырман болу және кітаптарды өзіңізбен бірге алу үшін жазылу керек.

Кітапхана сейсенбіден жексенбіге дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ол кішкентай балаларға да, ересек аудиторияға да арналған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды