«Көмек бере алмай жатырмын...»: «Ерен еңбегі» үшін атақ алған прокурор Айжан Аймағанова сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
27.10.2024, 14:10
1182
«Көмек бере алмай жатырмын...»: «Ерен еңбегі» үшін атақ алған прокурор Айжан Аймағанова сырын ақтарды жеке мұрағатынан

Прокурор өзін қынжылтатын дүниелер туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйелін аса қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова көпшілікке желіде жан сырын ақтарды.

Көп нәрсені көңілдегін сіздерге шығарайын деп едім, жүрегіме сыймай жүр. Осы жарты жылда өмірге деген көзқарасым күрт өзгерді - мен көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады.

Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырыспаған адаммын, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Абай айтқандай, «өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден». Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен. Осы таныстықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, өкінішке орай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді.

Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе - адам болуға ұмтылыс. Пост жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздердің сынды қабыл аламын. Бірақ, шынымды айтсам, пост жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті, - деп жазды прокурор Айжан Аймағанова.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.

Бас прокурордың ұсынуымен мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды