«Шекесіне автомат тақаған»: қарағандылық әйел әкесін мәслихат депутаты қорқытқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
27.10.2024, 14:47
940
«Шекесіне автомат тақаған»: қарағандылық әйел әкесін мәслихат депутаты қорқытқанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Әйел шенеуліктің былығын әшкерелеп, оның жазасыз қалмауын талап етті. Ал депутат 15 тәулікке қамалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысының тұрғыны Айнагүл әкесіне аудандық мәслихат депутаты қоқан-лоқы көрсеткенін айтады. Аталған дерек жария болған соң ол отбасына қысым жасала ма деп алаңдайды. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

 

Оқиға Нұра-Ахмет ауыл тасжолында басталған. Жәбірленушінің қызы Айнагүл Әбубәкірованың сөзінше, оқиға 21 қазанда Нұра ауданына қарасты Ахмет кентінде болған. Әйелдің 60 жастағы әкесі жолда келе жатып, шетелдік нөмірдегі көліктің жолда тосқауыл қойғанын айтқан. Ол машинаға бірнеше рет сигнал беріп, артынша одан озып өткен.

Әйелдің сөзінше, шетелдік нөмірлі көлікте "халық қалаулысы" 38 жастағы депутат Серік Бекмағамбетов отырған. Жолда өзін басқа жүргізуші басып озғанына ашуланған депутат мұны "сыйластықтың жоқтығы" деп санап, көліктің артынан қудалаған.

Ахмет ауылына жеткенде жүргізушіні депутат артынан қуып жетіп, оның шекесіне автомат тақап, өзінің "байланысы бар" екенін, өзін сыйламағандардың бәрін "қырып-жоятынын" айтып, қорқыта бастады.

Ауыл тұрғындары айқай-шуды естіп оқиға орнына жиналған. Оқиға төбелеске дейін жете жаздаған. Дегенмен бұзақы депутатты ауылдың әйелдері мен қарттары тыныштандырған.

Куәгерлердің айтуынша, сол күні депутат басқа жүргізушілерді де қудалаған көрінеді.

Аталған жағдайдан кейін депутат 15 тәулікке қамалыпты. Полиция өкілдері куәгерлерді қорғау заңмен қарастырылғанын, бірақ үкімді сот шығаратынын айтады. 

"Күдіктіні ұстау кезінде ол көлік жүргізген жоқ. Егер полиция оның мас күйде көлік жүргізгенін анықтаса, сот әрі қарай әкімшілік жауапқа тарту және куәлігінен айыруға қатысты шешім шығарады", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды