NASA астронавты ғарыштағы миссиясынан орала сала ауруханаға түсіп қалды

Аиса Махамбет Редактор
27.10.2024, 19:29
1045
NASA астронавты ғарыштағы миссиясынан орала сала ауруханаға түсіп қалды Joel Kowsky/Nasa/Global Look Press

Ғарыш кемесі Атлант мұхитына қонғаннан кейін, NASA ғарышкері өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Crew-8» миссиясы аясында Жерге оралған АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) астронавты науқастанып ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Kazinform жазды.

ТАСС ақпарат агенттігінің дерегінше, Америкалық ғарыш ведомствосы сайтының хабарлауынша, жұма күні Флорида жағалауында «NASA астронавты өзін нашар сезінген». Экипаждың барлық төрт мүшесі, соның ішінде ресейлік ғарышкер Пенсакола қаласының (Флорида) ауруханасына жеткізілді. 

Медициналық тексеруден кейін экипаждың үш мүшесі, оның ішінде Гребенкин Пенсаколадан шығып, Хьюстондағы (Техас) Джонсон ғарыштық ұшу орталығына жеткізілді.

Хабарланғандай, ауруханаға жатқызылған NASA астронавты (есімі аталмаған) дәрігерлердің бақылауында, оның жағдайы тұрақты. Бұл шаралар «сақтық мақсатында» қабылданды, деп атап өтті ғарыш ведомствосынан. 

Америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Crew-8 миссиясының экипажымен бірге 25 қазанда АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 03:29-да (Мәскеу уақытымен 10:29) Жерге оралды. Гребенкиннен басқа, орбиталық станцияда 2024 жылдың наурыз айынан бастап орналасқан Crew-8 миссиясының экипажында NASA астронавттары Мэттью Доминик, Майкл Барратт және Джанетт Эппс болды.

Crew Dragon Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) 23 қазанда АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 17:05-те (Мәскеу уақытымен 24 қазан 00:05-де) ажырады. Ол 8 қазанда өтуі керек еді, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды