973

Мемлекетке қайтарылған активтер қандай мақсатқа жұмсалады?

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылған.

Мемлекетке қайтарылған активтер қандай мақсатқа жұмсалады?
kswa.com

Биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді. 

Жүйелі жұмыс нәтижесінде құны 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар іске асырылмақ.

Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.

«Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі», - делінген хабарламада.

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз етуүшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақ. 

Материал авторы