«Әріп танымайды»: Роза Әлқожа 15 жастағы ұлы туралы ел білмейтін жайтты айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.10.2024, 19:30
5088
«Әріп танымайды»: Роза Әлқожа 15 жастағы ұлы туралы ел білмейтін жайтты айтты жеке мұрағатынан

Мұғалім баланы ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстыр деген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Роза Әлқожа желіде ұлын туған күнімен құттықтап, ол туралы ел білмейтін жайтты айтты. 

Өнер иесі көп уақытын концерттерде өткізгендіктен баласы тұйық болып өскенін айтты. Бірінші сыныпта мектеп өкілдері әншіге ұлын ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстыруға кеңес берген.

Алайда жұлдызды ана перзентіне деген сенімі мол болғандықтан бұл ұсыныстан бас тартып, оны басқа білім ордасында оқытуға шешім қабылдаған. Нәтижесінде ұлының үлгерімі жақсара түскен. 

"Сары күзде сары алтынның туған күні! Кеше ғана бөпе болып, еркелеп жүрген жігіт бүгін 15 жасқа толды! Үлкен жігіт болды! Анасы ылғи алыста, бір жерде жүргендіктен кішкентай кезінде тұйық болып өсті. Оқуда үлгерімі ойландырды. Бұл жағынан бізге Астана, 56-лицей, Эльмира Қабышқызы көп көмектесті. Осында бір мұғалім "балаңыз 42 әріпті танымайды, ақыл-есі кем балалардың мектебіне ауыстырыңыз" деген. Бір-ақ күнде көшіп кеткенбіз. Эльмира апайы екі-ақ күнде түгел әріп танытты. Екі жылда төртпен оқитын оқушыға айналды. Астанадан қимай қайтқанымыз да содан.

Қазір бұл жігіт бірінші сыныпта шығып кеткен мектебінде, 9-сыныпта оқиды. Күмәнданғандар, кекеткендер айта берсін, бұл жігіт әлі әлемді мойындатады! Мен құлыныма сенемін! Ақылына, пайымына сенемін! Жабы көрініп, тұлпар шығатын жүйріктер болушы еді ғой?! Бұл соның өзі! Жасың құтты болсын! Ғұмырың ұзақ болып, бақытты жан бол", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram-дағы парақшасында.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды