«Еріккеннен ойнап жатқан жоқпыз»: «Ордабасы» клубының ойыншылары өз жанкүйерлерімен ерегесіп қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
28.10.2024, 20:47
1135
«Еріккеннен ойнап жатқан жоқпыз»: «Ордабасы» клубының ойыншылары өз жанкүйерлерімен ерегесіп қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Футболшылар жеңіліс үшін кемсіткен жанкүйерлерге ызаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қазанда "Ордабасы" мен "Жеңіс" клубтары арасында Қазақстан премьер-лигасының ойыны өтті. Елордалық клуб аутсайдер болғанымен бұл кездесуде стадион қожайындарынан 1:2 есебімен басым түсті.

Бұл жеңілістен кейін "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген мен команда ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев шымкенттік жанкүйерлермен ерегесіп қалды. Чемпиондыққа басты үміткер саналатын клубтың бұл жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер ашуланды. 

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Ал өзге ойыншылар бұл сәтте үнсіз қарап тұрған.

"Бізге де оңай емес. Көріп жатырсыңдар ғой, еріккеннен ойнап жатқан жоқпыз. Қақпаға доп кірмей қойды. Сен неге мені балағаттап тұрсың? "Еу" деп айтпа маған", – деп ызаланды команда капитаны.

Айта кетейік, шымкенттік "Ордабасы" клубы былтырғы ел біріншілігінің чемпионы атанған болатын.

Биыл да турнир кестесінде көш басында келе жатқан шымкенттік клуб қатарынан 2 матч жеңіліс тауып, бірден 3-орынға түсіп қалды. Ал Қазақстан премьер лигасының көш басында 41 ұпаймен "Қайрат" тұрса, 2-орында "Астана" (40 ұпай) командасы келеді.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды