1191

Отандық өнім: Қазақстан биыл қанша көлік шығарды?

«Өзіміз қашан көлік шығарамыз?» деген әңгіме келмеске кеткендей. Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында 9 айда елдегі кәсіпорындар 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарғанын айтты.

Отандық өнім: Қазақстан биыл қанша көлік шығарды?
Shutterstock

«2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өз кезегінде машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20 пайыз үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді», - деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері салаға 124 млрд теңге инвестиция жұмсалған.

«Осы жылдың 9 айында шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылып, оның өсімі екі есе болды. Өндіріс көлемі 3 трлн теңгеге жетті.

9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды», - деді Қанат Шарлапаев.

Материал авторы