Елімізде онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы артады

29.10.2024, 11:22
886
Елімізде онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы артады коллаж smartnews.kz

Онкологиялық аурулардың салдарынан өмірімен қош айтысқан жандар қаншама?

Бұл ретте, Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы қысқартылмайтын болды. Керісінше, бұл салаға қосымша 25 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналында хабарлады.

«Бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болды. Алайда, біз бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгіздік. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық», - деп жазды мәжіліс депутаты. 

Асхат Аймағамбетов соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. 

«Кешенді жоспар бекітілді, және мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды. Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр. Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады», - деді депутат.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді