Маңғыстаулық мұнайшылар тағы да ереуілге шықты

29.10.2024, 12:32
970
Маңғыстаулық мұнайшылар тағы да ереуілге шықты vlast.kz / Жанара Каримова

Жаңаөзендегі жұмысшылар жалақыға қатысты талаптар қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңаөзендегі "Кезби" мұнай сервисі жұмысшылары ереуілге шықты. Олардың жұмысқа шықпағанына бір тәулік өткен. Ереуілге шыққан мұнайшылар осылайша кәсіпорынның жұмысын тоқтатып тастады. Аталған жағдай туралы Оrda.kz порталы жеткізді.

Компания басшысы Ержан Кезбаевтың айтуынша, қазір басшылық жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп жатыр. 

“Жаңа кәсіпорын ашуды талап еткен 96 адам ауысымға шықпады. Бұл ереуілдің белсенділері қазір жаңадан құрылған компанияның жетекшісі болғысы келеді. Олар механик-машинист болып жұмыс істейді. "Кезбидегі" жұмыс тоқтаған жоқ. Қазір адамдармен келіссөздер жүргізіп, келісімге шақырдық”, – дейді ол.

Сондай-ақ Ержан Кезбаев ереуілге шыққан қызметкерлер орташа 800 мың теңге айлық алатынын айтады. 

“Жалақы уақытылы әрі төлемдері беріледі. Кезбиде 1200 адам жұмыс істейді, жүзге жуық адам ереуілге шықты”, – дейді компания басшысы.

Маңғыстау облысының әкімдігі кәсіпорынның жекеменшік екенін алға тартып, жауап беруден бас тартты.

"Кезби" – тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда ашылған алғашқы жеке фирмалардың бірі саналатын мұнай сервистік компаниясы. Компанияның тіркеу құжаттары 26 жыл бұрын, 1998 жылы берілген.

Компанияның бірінші директоры және қазіргі құрылтайшысы – Бітім Кезбаев. Ол кәсіпқой кенші. Еңбек жолын "Маңғышлақмұнайгазбарлау" тресінде бұрғылаушы болып бастаған. Ал 2012 жылы ол Forbes бойынша "Үздік кәсіпкерлер" тізіміне енді.

Кәсіпорын қызметкерлерінің ереуілге шығуы бірінші рет емес. Бұған дейін де мұнайшылар еңбек жағдайларын жақсартуды және  жалақыны көтеруді талап етіп, бірнеше рет шеруге шыққан.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)