868

Құрылыс кодексіндегі дау: Министр не дейді?

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Құрылыс кодексінің айналасындағы дау туралы пікір білдірді.

Құрылыс кодексіндегі дау: Министр не дейді?
коллаж smartnews.kz

«Мәселенің практикалық жағына тоқталып өтейік. Қаржы министрлігі аудит жүргізген болатын. Осы аудит аясында заң бұзу фактісі анықталған жоқ. Қаржы министрлігіндегілердің жалғыз айтқаны – процедуралық сәйкессіздіктер болған. Бірақ қаржылық заң бұзу фактісі болмаған. Процедуралық сәйкессіздіктер үшін тиісті қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа айтарым жоқ», - деді ол журналистің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, түптің түбінде Құрылыс кодексінің жаңа редакциясы қабылданатына сенім білдірді.

«Ал кодексті қабылдау мәселесіне келсек, қазір белсенді жұмыс жүріп жатыр. Екі жылдан бері талқыланып келе жатқанын ескерсек, қорытынды талқылаудан кейін қабылданады деп ойлаймын», - деді Қанат Шарлапаев.

Материал авторы