Автонесиенің тағдыры не болды?

29.10.2024, 12:57
890
Автонесиенің тағдыры не болды? inbusiness.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында 4 пайыздық автонесие неге келмеске кеткенін айтты.

«Бұл сұраққа осыған дейін де жауап бергенбіз. Жеңілдетілген несиеге ешкімнің көңілі толып отырған жоқ. Себебі түсінікті, ниет білдірушілер көп, ал бөлінетін ақша шамалы. Бірақ автоөндірушілер де, қаржы нарығы да бір орында тоқтап тұрмайды. Мысалы, қазір Үкімет заңнамалық тұрғыда жеке тұлғаларға лизингті енгізу тетігін қолдап отыр. Екіншіден, автокөлік сататын компаниялардың өзі әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланып, көлікті бөліп төлеуге болатын жағдай жасады», – деді министр.

Қанат Шарлапаев жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталатынын еске салды.

«Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаражат өте дұрыс болды деп ойлаймын. Қаражат қалалар мен облыс орталықтарда қоғамдық көліктерді қолдауға бағытталды. Біз қалаішілік қана емес, ауданаралық көліктерге де жұмсадық. Мұндай ұстаным дұрыс деп есептеймін. Автокөліктерге жеңілдетілген несие берудің орнына қоғамдық көліктердің сапасын арттыруға жұмсап отырмыз. Себебі оны халық көбірек пайдаланады. Жеңілдетілген автонесиені біз бір жарым жыл бұрын жаптық. Қазір ол қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталып отыр», - деді Қанат Шарлапаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды