«Тротуар да, жарық та жоқ»: ажалы автобустан келген 22 жастағы қыздың өліміне жақындары Астана әкімдігін кінәлады

Аиса Махамбет Редактор
29.10.2024, 15:55
991
«Тротуар да, жарық та жоқ»: ажалы автобустан келген 22 жастағы қыздың өліміне жақындары Астана әкімдігін кінәлады бейнежазбадан алынған кадр

Жүргізуші қараңғыда қызды көрмей қағып өткен. Қатты соққы алған қыз оқиға орнында тілге келместен көз жұмған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның жақындары бұл қайғылы жағдайға жүргізуші ғана емес, қала әкімдігі де кінәлі деді. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

Жол апаты Айтматов пен Молдағалиев көшесінің қиылысында болған. 22 жастағы қыз сағат 21:00 шамасында көлік жүретін жолмен үйіне қайтып бара жатқан. Өйткені адамдар жүретін тротуар жоқ. Белгілі болғандай ол жерде жарық та жоқ болып шықты. Марқұм қыздың жақындары алғашында болған жағдайға сенбеген.

“Мұндай жол апатынан кейін оның тірі қалуы мүмкін емес еді. Мен сенбедім. Біз онда расымен сол адамның жұмыс істейтінін анықтадық. Сіңлімнің 2GIS локациясы құрбысында бар екен. Телефонын сол арқылы тауып алдық. Сонда ғана айырылып қалғанымды түсіндім”, – дейді қыздың әпкесі Анастасия Кан.

Қыздың өліміне себеп болған автобусты 68 жастағы жүргізуші басқарған. Алайда марқұм қыздың жақындары жол апатына автобус жүргізушісін ғана емес, қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген қала әкімдігін де кінәлайды.

“Егер бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы болса, бәлкім қайғылы оқиға болмас еді. Бұл жерде жалғыз жүргізуші кінәлі емес. Иә, ол байқамай, қарындасымды басып кетті. Бірақ бұл жағдайда әкімдік те кінәлі. Олар қадағаламады, ешқандай белгі қоймады”, – дейді қыздың ағасы Аббас Аппазов.

Алайда жолдың бұл бөлігін құрылыс компаниясы да, әкімдік те жауапкершілікке алмады. Ал қала әкімдігі мұндағы абаттандыру тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жүргізілетінін айтты. Полиция қайғылы жағдайдан кейін істі қолға алуға уәде берді.

“Қылмыстық іс аясында біз көлік бөліміне құқық бұзушылықтың болуына ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсыныс жібереміз”, – деп мәлімдеді полиция.

Сарапшы ретінде "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов та құрылыс компанияларынан жолды қауіпсіз етіп салуды талап етті.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді