«15 млн теңге»: вейп сатумен айналысатын екі студент ұсталды

17.01.2025, 12:32
702
«15 млн теңге»: вейп сатумен айналысатын екі студент ұсталды бейнежазбадан алынған кадр

Көкшетаулық екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында полицейлер шамамен 15 миллион теңгенің шегілмейтін темекі өнімдерін тәркіледі.

Polisia.kz мәліметінше, Көкшетау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады.

Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстады. Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарларды жоюға тырысқан студенттің әрекетінің алдын алды. Ұсталған 20 жастағы жас жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция бұл өнімдерді сату мен тарату әрекеттері 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкелетінін ескертті.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды