«Айлығы 1 млн, қызметтік көлігі 15 млн»: Ақтөбелік әкімдердің айлығы қанша екені белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
29.10.2024, 18:31
1082
«Айлығы 1 млн, қызметтік көлігі 15 млн»: Ақтөбелік әкімдердің айлығы қанша екені белгілі болды коллаж smartnews.kz

Қазақстандағы жер көлемі бойынша аумағы ең үлкен Ақтөбе облысының әкімдері қанша табыс тауып жатқаны жазылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аумағында 12 ауданы бар Ақтөбе облысының әкімдері айлығы мен жалақысы қанша екені белгілі болды. Аталған мәліметтерді Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі жинақтаған.

Былтыр ғана тағайындалған облыс әкімі Асхат Шахаровтың жалақысы мен қызметтік көлігі туралы сауалға нақты жауап бермеген. Ал қала әкімі Азамат Бекеттің жалақысы — 990 916 теңге болса, қызметтік көлігі — 2014 жылы шығарылған KIA Quoris. Көлік шығарылған жылы-ақ 15,6 млн теңгеге сатып алынған.

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергеновтің айлығы — 1 189 099 теңге.

Ал Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің жалақысы — 1 165 800 теңге. Екі ауданның әкімдігі де қызметтік көлікті 2018 жылы сатып алған. Бұл үшін бюджеттен 14 300 000 теңге қаржы жұмсалған. 

Ал Шалқар ауданы әкімдігінің аппараты «Масс-медиа туралы» заңның 36-бабында көрсетілген талаптардың сақталмауына байланысты ақпарат ұсына алмайтынын хабарлаған.

Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаевтің қазіргі жалақысы 933 762 теңге. Ал қызметтік көлігі осыдан 17 жыл бұрын 5 315 400 теңгеге сатып алынған Toyota Prado автокөлігі. Сонымен бірге былтыр ғана шығарылған Jac J7 Luxury автокөлігі облыс әкімдігінен аудан әкімдігіне берілген. Бұл көліктің құны — 12 532 800 тг. 

Қарғалы ауданының әкімі қызметіне ауысқан Нұрлыбек Өнербаевтың лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 990 916 теңге. Қызметтік көлігі — 2018 жылы шығарылған KIA Sorento. Сатып алуға 14 млн 377 мың теңге жұмсалды. 

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың жалақысы — 752 771 теңге. Оның қызметтік көлігі 2017 жылы шыққан «KIA Sorento» маркалы көлігі. Әкімдік оны 2018 жылы 14 300 000 теңгеге сатып алған. 

Хромтау ауданының әкімдік аппараты жалақы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға сәйкес айқындалатынын ғана жазған. Ал әкім Нұрхан Тілеумұратовтің аудандағы қызметтік көлік 2017 жылы шығарылған KIА Sorento. Көлік 2018 жылы 14 300 000 тг сатып алынған.

Темір ауданы әкімі Саламат Аманбаевтың жалақысы — 978 802 теңге. Қазіргі қызметтік көлігі 2018 жылы шығарылған «KIA Sorento» маркалы көлігі. Сатып алуға 14 490 000 теңге жұмсалды. 

Ал Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетовтің жалақысы — 952 437 теңге. Қызметтік көлікке келер болсақ, Әйтеке би ауданы секілді мұнда да оның саны екеу. Бірі 2007 жылы шығарылған Toyota Prado автокөлігі. Екіншісі — 2018 жылғы KIA Sorento. Екіншісін 2018 жылы 14 млн 370 мың теңгеге сатып алған.

Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысы бойынша 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Олар: Ырғыз, Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Мұғалжар мен Темір аудандары.

Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевтың жалақысы — 990 916 теңге. Қызметтік көлігі — 2018 шығарылып, сол жылы сатып алынған KIA Sorento. Құны — 14 300 000 теңге. 

Ал Қобда ауданы әкімдігінің аппараты жалақы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты төленетінін хабарлады. Қызметтік көлігі туралы сұраққа «Аудан әкімі өзіне тиісті қызметтік міндеттері мен жауапкершіліктерін орындау мақсатында арнайы ережелер мен талаптарға сәйкес келетін автокөлікпен қамтамасыз етіледі. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес қызметтік автокөлік конкурс негізінде сатып алынды» деп жалпылама жауап берген.

Одан бөлек, Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержановтың жалақысы 735 509 теңгені құрайды. Оның да қызметтік көлігі 2018 жылы шыққан — KIA Sorento. Көлік 2018 жылы 14 300 000 теңгеге сатып алынды. 

Айта кету керек, аудан әкімдерінің жалақысы олардың еңбек өтіліне тікелей байланысты. Сондықтан әкімдік «креслосында» отырған мерзімге орай жалақының көлемі де әр аудан әкімінде әртүрлі көрсеткіште.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды