«Көктайғақ, жел, тұман»: 30 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

30.10.2024, 09:05
809
«Көктайғақ, жел, тұман»: 30 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды elordainfo.kz / Оңалхан Өнерхан

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» синоптиктері 30 қазанда еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде тұман. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман. 

Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды